«Дат» жобасының жетекшісі, тәуелсіз журналист Ермұрат Бапиды полиция ұстағаны жөнінде ақпарат тараған еді. Е.Бапи өзін полиция ұстағанын arasha тілшісіне растады. Оның сөзіне қарағанда, ұсталуына кеше жерленген Жанболат Ағаділдің жаназасына Алматыдан онлайн қатысуы болған.
«Кеше Жанболат Ағаділдің жаназасына онлайн қатыстық қой. Бұл әрекетіміз туралы әкімшілікке рұқсат сұрап, санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтайтынымызды айтып хат тапсырғанбыз. Бүгінгі митингіге бармақшы едім, қуалап жүріп ұстады. Жанболаттың онлайн жаназасына – «рұқсат етілмеген митингіге» қатыстың деген айыппен хаттама толтырып, істі әкімшілік сотқа жолдады.» деді Ермұрат Бапи.
Кеше Астанада төбелес кезінде пышақталып, жан тәсілім еткен Жанболат Ағаділдің жерлеу рәсімі болған еді. Жаназаға Алматыда бір топ адам онлайн қатысып, тергеу амалдарының әділ өтуін талап еткен.
фото: Бақытгүл Мәкімбайдың facebook парақшасынан алынды