arasha.kz

Есепте тұрған 142 тұлға түзеу мекемесіне қайтарылды

Чиновник из Актюбинской области осужден за взятки при восстановлении домов.

Президенттің «Әділ Қазақстан» Жолдауын іске асыру мақсатында Түркістан облысы прокуратурасымен 16.11.2024ж. сағат 20.00 – 22.00 уақыт аралығында «Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шара аясында 17 қала/аудан прокурорлары мобильдік топпен бірге есептегі тұлғалардың үкіммен белгіленген шектеулердіорындау жағдайына кенеттен тексеру жүргізді.

Тексеру барысында 321 сотталғанның белгіленген уақытта тұрғылықты мекенжайларында болуы тексеріліп, бұзушылыққа жол берген 9  есептегі тұлға анықталды.

Нәтижесімен 2 тұлғаға қатысты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы ұсыныс сотқа жолданды.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасы «ҚАО ААЖ» арқылы пробациялық бақылаудан тыс қалған 77 құқық бұзушылықты анықтады.

43  тұлғаға қатысты бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсыныс сотқа жолданды, қазіргі таңда 9 тұлғаға қатысты үкім өзгертілді.

Бұдан бөлек, а.ж. жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы 142 ұсыныс қанағаттандырылды.

Қайта қылмыстың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Exit mobile version