Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды Астанадан Алматыға жеткізілді.
16 мамырда Алматыда Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Сотталушы Астанада болғандықтан сотқа онлайн қосылды. Сатыбалды қазір әртүрлі істер бойынша екі мерзімге – сегіз және жеті жылға жазасын өтеуде.
Қазір оған заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі көлемде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соқтырған озбырлық жасады деген айып тағылып отыр. Оның жүргізушісі Мәди Батыршаев та айыпты сотта отыр.
«Қылмыстық кодекстің 126-бабының 3-тармағының 3-бөлігі, 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында, 389-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген айыппен Сатыбалда Гүлмираға және қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айыппен Батаршаев Мәдиге қатысты қылмыстық іс бойынша негізгі сот отырысын тағайындау, 2024 жылғы 30 мамырда сағат 10.00-де ҚК-нің 126-бабының 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген», – деді судья.
Офлайн сот процесі Алматыда орыс тілінде өтетіндіктен, сотталушыны тасымалдау туралы шешім қабылданды. Сатыбалды кәсіпқой судьяның бір ғана сот ісін жүргізу нысанын таңдап, алқабилер сотынан бас тартты.