Сотта Гүлмира Сатыбалды мен оның жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты жарыссөз жалғасуда. Еске сала кетейік, сотталушы денсаулығының нашарлығын алға тартып, тергеу изоляторынан шығып, сот отырысына қатысудан бас тартты, ол онлайн қатысуда.
Жарыссөзде соңғы болып Гүлмира Сатыбалдының адвокаты сөз сөйледі, одан кейін судья сот процесіне қатысушылардың ескерту жасауға құқығы бар екенін, содан кейін сотталушыларға соңғы сөз берілетінін айтты. Осы сәтте Гүлмира Сатыбалды денсаулығына байланысты соңғы сөзді айтпауын өтінді.