arasha.kz

Гуманитарлық көмектің ұрланғаны туралы жалған хабар таратқан әйел анықталды

Петропавл қаласында WhatsApр чаттарда 27 жастағы әйелдің «мектеп мұғалімдері гуманитарлық көмекті ұрлауда» деген дауыстық хабарламасы тараған.

«Мектеп директорының полицияға шағымынан соң тексеру жүргізіліп, ақпараттың жалған екендігі анықталды. Кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 АЕК – 36 920 теңге айыппұл салынды»,- делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылатынын еске салады.

Exit mobile version