13-01-25 |
370 рет қаралған
Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Новосибирскіде ұсталды.
Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Новосибирскіде ұсталды

Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауымен Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында 24 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген.

 Күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлердің бірінде техника сатушы болып жұмыс істеп, азаматтарға мобильді телефондар мен олардың аксессуарларын өткізу сылтауымен алаяқтық жасаған.

Ол 20 миллион теңгеден астам ақша жымқырған. Қазіргі уақытта күдікті қамауда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.