Біз
әлеуметтік
желіде
23-06-25 |
100 рет қаралған
Іздеуде жүрген күдіктінің 2,3 млрд теңгеден астам дүние-мүлкі тәркіленді.
Іздеуде жүрген күдіктінің 2,3 млрд теңгеден астам дүние-мүлкі тәркіленді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген және ақшаны заңдастыруға қатысы бар деп күдікке ілінген тұлғаның ақшалай қаражаты мен мүліктік активтерінің қылмыстық жолмен алынғаны дәлелденді.

«Ол жылжымалы және жылжымайтын мүліктің қымбат нысандарын, оның ішінде жұбайына ресімделген нысандарды сатып алу үшін шамамен 1,5 млрд теңге заңға қайшы ақшаны пайдаланған. Олардың қатарына Алматы қаласы мен Алматы облысындағы люкс автомобиль, пәтер, жер учаскелері, тұрғын үйлер мен құрылыстар жатады.

Қаржылық тергеу қосымша 1,7 млн АҚШ долларын (872 млн теңгеден астам) және Қазақстанның екінші деңгейдегі банктеріндегі айыпталушы мен оның жұбайының шоттарында 47 млн теңге анықтады. Олар қылмыс жасау кезеңінде алынған және олардың ресми табыстарына сәйкес келмейді.

Биыл 16 маусымдағы сот қаулысымен ақшалай қаражат пен мүліктік объектілер мемлекет кірісіне тәркіленді», — делінген ведомство хабарламасында.

Жалпы, жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша отызға жуық қылмыстық істі тергеуді бастады. Істің бір бөлігі сотқа жіберіліп, айыптау үкімі шығарылды.

Заңға қайшы табыстар туыстарының, аффилиирленген компаниялардың атынан заңды операциялар ретінде бүркемеленетін, қымбат мүлікті, криптовалюталарды, бағалы қағаздарды, оның ішінде инвестициялық құралдарды қолдана отырып сатып алуда пайдаланылатын жағдайларға ерекше назар аударылады.

«Мысалы, спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатынан 745 млн теңгеден астам соманы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан бұрынғы лауазымды адамның қаржылық ағындарына жүргізілген талдау нәтижесінде, оның қылмыстық жолмен алынған қаражатқа екі қымбат автокөлік сатып алғаны және 240 млн теңгеденастам соманы жоғары табыс алу мақсатында өзі бақылауындағы компанияның шотына аударғаны анықталды.

Тағы бір жағдай, күдіктілер жеке кәсіпкер болып табылатын туыстары арқылы инфрақұрылымдық, қала құрылысы жобаларын іске асыруға бюджеттен бөлінген 237 млн теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, олардан пәтерлер, автокөліктер және басқа да мүліктер сатып алған.

Соттың санкциясымен мүліктік объектілерге тыйым салынды», — деп хабарлады Антикор.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге деақпарат жария етілуге жатпайды.

Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.