31-01-24 |
17000 рет қаралған
Әйелін ұрып соққандар мен бала зорлағандар қатаң жауапқа тартылуы мүмкін.
Әйелін ұрып соққандар мен бала зорлағандар қатаң жауапқа тартылуы мүмкін

Мәжіліс әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғайтын заң жобасын жұмысқа алды.

Мәжіліс «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әйелердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» негізгі заң жобасы және «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» іліспе заң жобасын жұмысқа алды, деп жазды BAQ.KZ.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов заң жобасының негізгі мәнін түсіндірді. Оның сөзінше, бұл заң жобалары Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленді.

Жоба Мемлекет басшысының отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді, – деді депутат.

Заң жобасында мынадай нормалар бар:

– ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді, қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу және жазасын әлдеқайда қатаңдату;

– жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тиісті шараларды қабылдау құқығын беру.

– отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлқын өзгерту үшін сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру.

– педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру;

– суицидты насихаттағаны немесе суицидке итермелегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;

– балаларға арналған интернаттық ұйымдарға алдын ала ескертпей-ақ, кез келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.