28-05-24 |
7740 рет қаралған
Әкімдік есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.
Әкімдік есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Көктерек ауылдық округі әкімдігінде 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған есепші сотталды. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

Штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру кезінде әкімдік бухгалтерінің тиісті және нақты төленген жалақысында айырмашылық анықталып, соңғысы 3 жыл бойы өзіне артық соманы аударғаны белгілі болды.

Аталған жәйт бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолдаған.

«Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толық өтеген. 17.04.2024 жылғы сот үкімімен кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті ірі көлемде иемдену және жымқыру) бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген хабарламада.

Сотталушының жас баласын ескере отырып, жаза мерзімі 2 жылға, яғни  14 жасқа толғанға дейін шегерілді.

Сот актісі заңды күшіне енді. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.