Жамбыл облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында туған ағасының қызын 7 жастан бастап 12 жасқа дейін зорлап келген екі жігітке үкім шықты.
Судья Анарбаев өрімдей қыздың өмірін өксіткен азғындардың бірі — Нұрлановты өмір бойына бас бостандығынан айырып, Махамадиевке 20 жыл темір торға қамау жазасын кесті.
Өкініштісі, марқұм әкесінің көзі кеткен соң қамқорлық көрсетудің орнына қорлап келген ағаларының бірінен қыз бала жүкті болып, 13 жасында дүниеге сәби алып келді.
Осы істі One-Stop-Service Бір қадам орталығы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және ҮЕҰ-ға арналған гранттардың бірыңғай операторықолға алып, кішкентай қыздың құқығын қорғады.
«Өрімдей қыздың балалық шағын, алаңсыз кезін қайтара алмасымыз анық. Ерте ана атанып, ересек өмірді ертерек бастап кеткені де жанды ауыртады. Әттең! Бірақ азғындардың лайықты жаза алғанына шүкір дейміз. Зорлық қашан да лайықты жазалануы, қатаң жазалануы тиіс!», — дейді Бір қадам орталығының адвокаты Ләззат Рақышева.