arasha.kz

Кәсіпкерлер әкімшілік жауапқа заңсыз тартылып келген

19 кәсіпкерді уәкілетті орган 60 млн теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа заңсыз тартқан. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

«Мысалы, уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижелері бойынша тексеру жүргізбей және заң бұзушылықты өз бетінше жою құқығын бермей, кәсіпкерді 14,5 млн теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартқан», – делінген хабарламада.

 Прокурорлық қадағалау актілері бойынша уәкілетті органның қаулылары жойылды, жоғарыда аталған кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Exit mobile version