Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты бүгін, 21 сәуірде «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» (488-бап, 3-бөлім) деп айыпталған белсенділер Әсия Төлешова мен Бейбарыс Толымбаевты кінәлі деп тауып, 15 күнге қамады. Толымбаев ісін судья Ержан Алдабек қараған, деп жазады Азаттық.
Бұл ақпаратты Азаттық тілшісіне саясаттанушы, «ІІМ-дегі реформа үшін» тобының белсендісі Димаш Альжанов жексенбі кешке хабарлады.
«Бейбарысты алып кетті. Тергеу және ұстау кезінде заңбұзушылықтар болды. Бұған қоса, оның үстінен толтырылған хаттамада «Лидер нации – позор нации» деген жазуы бар плакат болды» деп қосып жазып жіберген. Судья бұл ақпаратты тексерген жоқ және хаттама толтырған полицейден де жауап алмады» деді сотқа қатысқан Димаш Альжанов. Оның айтуынша, сотта сурет пен видео түсіруге рұқсат етілмеген.
Vlast.kz сайтының хабарлауынша, жексенбі түнде сот Әсия Төлешованы да 15 күнге қамау туралы шешім шығарған. Әсия Төлешова судья Мұрат Абраевты ауыстыру жөнінде өтініш берген. Бірақ өтініші қабылданбаған. Жауапкердің прокурорды да ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылмаған. Екі белсенді де сотта тағылған айыпты жоққа шығарған.
«Сайлауға көптің назарын аудартқымыз келді. Біздегі сайлауда таңдау жоқ екеніне. Азаматтардың азаматтық позициясын белсендірек білдіргенін қаладық. Егер сайлауға байкот жарияласа, жақсы, дәлелдерін айтсын. Ал егер дауыс бергісі келсе, бәрін салмақтап, белсенді түрде таңдау жасасын. Проблемадан қашпай, онымен күрессін» деп Vlast.kz сайты Әсия Төлешованың сөзін келтірген.
Сот шешімі шыққаннан кейін сот процесіне қатысушылар судья мен прокурорға бағыттай «масқара!» деп айғайлаған.
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
06.12.2024