26-08-24 |
9960 рет қаралған
Клиенттердің атынан несие рәсімдеген бұрынғы банк қызметкері Ресейден экстрадицияланды.
Клиенттердің атынан несие рәсімдеген бұрынғы банк қызметкері Ресейден экстрадицияланды

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

2019-2022 жылдар аралығында күдікті Тараз қаласындағы банк филиалының қызметкері бола отыра, банк клиенттерінің атынан несие рәсімдеген.

Әрі қарай банк клиенттерінің шоттарына қол жеткізген күдікті несие қаражатын достарының есепшотына аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырған. 

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде банк клиенттеріне 60 млн теңге көлемінде залал келтірілген. 

Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Осы жылдың сәуір айында фигурант Краснодар өлкесінің аумағында ұсталды, содан кейін ол Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланып отыр.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, осы жылы қылмыстық әрекеттері 350-ден астам жәбірленушіге жалпы сомасы 7 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 11 адам Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.