Біз
әлеуметтік
желіде
31-05-25 |
520 рет қаралған
Көкшетауда газ компаниясының басшысы 270 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді.
Көкшетауда газ компаниясының басшысы 270 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Көкшетауда құқық қорғау органдары 270 млн теңге жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс газ сатумен айналысатын ірі компаниялардың бірінде жасалған. Бұл туралы Polisia.kz харлады.

28 мамырда Көкшетау қаласының полиция басқармасына компания заңгерінен арыз түскен. Ол қаңтар мен сәуір аралығында ЖШС-да ірі көлемде ақша жоғалғанын хабарлаған.

«Тергеу барысында алаяқ қысқа мерзім ішінде алдап, ірі көлемде ақша алғаны анықталды. Құқық қорғау органдары 34 жастағы компания басшысын тексеріп жатыр. Оның бұл іске қатысы мен себептері зерттелетін болады», – деп хабарлады ІІМ.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері бұл жағдай, әсіресе ірі қаржы айналымы бар компанияларда қызметкерлерді мұқият іріктеу мен тексерудің маңыздылығын көрсететінін атап өтті. Тергеу жалғасуда.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.