Мектепке көріпкелді шақырып, мұғалімдерден ақша жинағаны үшін мектеп директоры мен аудан әкімінің орынбасары жұмысынан босатылды.
Жамбыл облысында өзін Томирис атайтын көріпкелмен кездесу үшін мұғалімдерден мәжбүрлі түрде ақша жинаған.
Жанжалдан кейін облыстық балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкіл мен облыстық білім беру сапасын қамтамасыз ету басқармасы тексеру ұйымдастырып, Тереңөзек ауылына жұмыс тобы жіберілген.
Нәтижесінде аудан әкімі Терлікбаев пен Жамбыл Зәкімбаев атындағы мектеп директоры «өз өтініштері бойынша қызметтерінен босатылды».
Оған қоса Тұрар Рысқұлов атындағы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қатаң сөгіс алған.