29-04-24 |
6930 рет қаралған
Курьер алаяқтық схемасы бойынша сотталды.
Курьер алаяқтық схемасы бойынша сотталды

Соңғы уақыттары телефон алаяқтармен азаматтардың қаражарттарын иемденіп алу үшін курьерлерді пайдаланатын жағдайлар жиілеп кеткен.

Прокуратураның мәліметінше, телефон алаяқтары әртүрлі сайттарға курьерлік жұмысты ұсынып өздерінің нұсқауы бойынша әрекет ете отырып, оларға белгілі бір ақыға қылмыстық жолмен алынған қаражатты аударуы туралы жарнамаларды орналастырып отырған.

Үкіммен анықталғандай, телефон алаяқтар жәбірленушіге оның қызының адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасын жасағанын және істі оң шешу үшін оған ақша қаражатын аудару қажет екенін айтқан.

Осындай схема бойынша 1 млн теңгеден астам ақша қаражатын иемденіп, 2 жәбірленушіні алдаған.

«Курьер ретінде елорданың 27 жастағы тұрғыны жұмысты Telegram-арнасы арқылы  хабарландырудан тауып, қылмыстық топтың сыбайласы болған. Кінәлі ақшаны алып, өзіне осы ақшаның 10% қалдырып, қалған соманы белгісіз тұлғалардың есепшотына жіберіп отырған», – делінген хабарламада.

    Сот үкімімен сотталушы жәбірленушілердің пайдасына материалдық шығынды өндірумен сотталды.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Қылмыстық топтың сыбайластарына қатысты, оның ішінде, қылмысты ұйымдастырушыға қылмыстық іс жеке өндіріске бөлініп, оны анықтау және одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша барлық шаралар қабылдануда.

    Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды мұқият болуға және өзінің ақша қаражатын бейтаныс адамдарға бермеуге, мұндай фактілер туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.