arasha.kz

КВИ-ға теріс нәтижесі бар анықтамалар сатқан адам ұсталды (видео)

Алматы облысында 1984 жылы туған медициналық қызметкер маусым айынан бастап қазіргі күнге дейін он екіге жуық КВИ-ға теріс нәтижесі бар  жалған анықтамалар сатып келген. Оны «Covid-19»-ға ПТР теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы беру үшін 25 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу кезінде Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ұстаған.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ПТР-тестіне теріс нәтиже көрсетілген жалған анықтамаларды беру фактісін анықтады.
Жауап алу барысында Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 12-ге жуық осындай анықтама ұсынғанын хабарлады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды» деп хабарлайды қаржы министрлігі қаржы мониторинг комитетінің баспасөз қызметі.

Exit mobile version