Біз
әлеуметтік
желіде
28-04-25 |
60 рет қаралған
Қытайдың «Синьсин» компаниясына 1 млрд теңге айыппұл салынды.
Қытайдың «Синьсин» компаниясына 1 млрд теңге айыппұл салынды

ШҚО Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы бойынша Экология департаменті «СИНЬСИН Құрылыс және даму бойынша Қытай компаниясы» ЖШС-не қатысты тексеру жүргізді. Бұл туралы прокуратура хабалады.

Тексеру нәтижесінде экологиялық заңнаманың бұзылғаны анықталды — ІІ санаттағы объектілерге экологиялық рұқсатсыз асфальтбетон қондырғысы мен ұсақтау кешенін пайдалану фактілері тіркелді.

«2024 жылғы 21 қарашадағы инспектордың қаулысымен ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған қаулы ЖШС тарапынан Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына шағымданумен дауланды», — делінген хабарламада.

Соттың 2025 жылғы 4 наурыздағы қаулысымен ЖШС-нің кінәсі анықталып, 1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тарап апелляциялық тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым түсірді, алайда 2025 жылғы 10 сәуірдегі апелляциялық инстанцияның қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.