Біз
әлеуметтік
желіде
16-05-25 |
100 рет қаралған
Қытайлық компаниядан пара алған жоғары шенді полиция ұсталды.
Қытайлық компаниядан пара алған жоғары шенді полиция ұсталды

Жамбыл облысында Сарысу аудандық полиция бөлімінің басшысының орынбасары, подполковник Қанат Н. пара алды деген күдікпен ұсталды.

Облыстық ҰҚК департаментіне шетелдік жұмысшыларды «қамқорлыққа алу» үшін ақша талап ету дерегі бойынша хабарлама түскен. Атап айтқанда, Қытайдың «CNCEC» құрылыс компаниясына «қорғау» көрсету үшін 1,5 миллион теңге сұралған.

Жасырын тергеу амалдары барысында, ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі (пара алу) бойынша тіркелген іс аясында, ҰҚК департаменті мен Жамбыл облысы ПД ӨҚБ қызметкерлері күдіктіні пара алып жатқан жерінен ұстаған. Жеке тінту кезінде оның жанынан заңсыз алынған ақша табылып, тәркіленді.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөзіміздің хабарлауынша, бұл факті бойынша ӨҚБ қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті Сарысу аудандық ҰҚК бөлімінде қамауда. Белгілі болғандай, ол ішкі істер органдарында 2009 жылдан бері жұмыс істейді, ал қазіргі лауазымына 2024 жылдың ақпан айында тағайындалған. Үйленген, үш кәмелетке толмаған баласы бар.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.