03-06-24 |
7530 рет қаралған
Әлеуметтік желіде шыққан жарияланым бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Әлеуметтік желіде шыққан жарияланым бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

2024 жылғы 17 мамырда әлеуметтік желіде белгісіз автордың бейнежазбасы орналастырылған, онда оңтүстік астананың полиция қызметкерлеріне ақша беру фактісі жазылған.

Осыған қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жарияланымға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу фактісі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.