28-05-19 |
2310 рет қаралған
Мұстафа Шоқайды қаралағандарды туыстары сотқа бергелі жатыр.
Мұстафа Шоқайды қаралағандарды туыстары сотқа бергелі жатыр

Алаш қайраткері, күллі түркі халықтарына белгілі тарихи һәм саяси тұлға Мұстафа Шоқайды «фашист» деп қаралағандарды Мұстафа Шоқайдың туыстары сотқа бергелі жатыр. Бұл туралы осы іспен айналысып жүрген адвокат Әнуар Байдаров arasha.kz тілшісіне айтты.

«Мұстафа Шоқайдың туысын таптық. Қазір қосымша құжаттарды жинап жатырмыз. Мұның алдындағы арызды сот қабылдамаған», – деді адвокат.

Бұдан бұрын Мұхтар Тайжан Мұстафа Шоқайды «фашист» деп қорлағандарды сотқа бергені еді. Бірақ сот оның талап арызын тарихи тұлғаның туысы болмағаны есепті кері қайтарған. Кейін М.Тайжан Қызылорда облысында тұратын Шоқайдың туысы тарихи тұлғаны қаралаушыларды сотқа беретіні жайлы жазған.

Мұхтар Тайжанның фейсбукке жариялаған құжаттардың ішінде Шоқайдың туысы – Мұстафа Шоқайдың туған ағасы Сыздықтың шөбересі Раиса Ерғалиеваның адвокатқа берген сенімхаты да бар. Қазіргі кезде әлеуметтік желіде Алаш қайраткерін қаралаған адамдарды осы Раиса Ерғалиева сотқа бергелі жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.