16-05-24 |
9190 рет қаралған
«МАЭК» компаниясында 1,4 млрд теңге көлемінде заң бұзушылық анықталды.
«МАЭК» компаниясында 1,4 млрд теңге көлемінде заң бұзушылық анықталды

Облыс прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында жүргізген талдау нәтижесінде «МАЭК» ЖШС қызметінде 1,4 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталғаны белгілі болды.

Кәсіпорын технологиялық бұзушылық актісі негізінде «RTEX» ЖШС-мен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей негізсіз жасасқан.

«Аталған акт бекітілген Қағиданың талаптарын бұза отырып жасақталған, яғни қағидаға сәйкес I және II дәрежелі бұзылыстарды тексеру нәтижелері ресімделеді («Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидалары» ҚР ЭМ 20.02.2015 жылғы №121 бұйрығы). Кәсіпорында бір көзден шарт жасасуға негіз болған апаттар орын алмаған», – делінген прокуратура таратқан мәліметте.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде сот технологиялық бұзушылық актісі  және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жарамсыз деп таныды.

Осылайша, 1,4 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылып, бірқатар басшылар өз қызметтерінен босатылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.