arasha.kz

Мамай мен Иманбай жекелеген айыптауларының бірде-біріне дәлел ұсына алмады – заңгер

Бауыржан Байбектің қорғаушысы, белгілі заңгер Айжан Ташенова Жанболат Мамай мен Инга Иманбайға қатысты өткен сот процессіне пікірін білдірді. Оның айтынша, жауапкерлер сотта өздері таратқан мәліметтердің шын екендігін дәлелдей алмады.

«Атап айтқанда, мұнда әлеуметтік желілердегі посттар, БАҚ-тағы жарияланымдар, «Көк Жайлау» бойынша іске асырылмаған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі, талап-арызға да, жауапкерлердің видеосына да жатпайтын ҚазҰУ-дің жер телімі бойынша анықтамалар жөнінде сөз болып отыр. Жекелеген айыптаулар бойынша тиісті құжаттар тіпті де ұсынылмады», – деді Ташенова.


Сот әрбір дәлелді қатыстылығын, іске жататындығын және шынайылығын ескере отырып бағалаған. Заңгер жауапкерлер ұсынған материалдарды талап-арыздың мәніне жатпайтындар және Мамай мен Иманбайдың «әшкерелеуші» мәлімдемелерінің жалғандығын дәлелдейтін материалдар деп екі топқа бөлді.

«Нәтижесінде, соттың жауапкерлерді шындыққа сәйкес келмейтін, Б.Байбектің ар-намысына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді терістеуді, сондай-ақ өздері орналастырған видеоларын өшіруді міндеттеп қаулы шығарғаны заңдылық. Сонымен қатар сот жауапкерлерден талап қоюшының пайдасына 876 402 теңге сомасында сот шығындарын өндірді. Мұны Б.Байбек аутизммен ауыратын балаларды қолдауға бағыттаймын деп шешті», – деп жазды Айжан Ташенова.

Exit mobile version