arasha.kz

Маңғыстауда мектеп басшылығы ұстаздардан ақша жинап келген

Маңғыстауда «№3 арнайы мектеп» КММ басшылығы мұғалімдерден заңсыз ақша жинап келген. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

Атап айтқанда, мектеп басшылығы ай сайын «Kaspi bank» және «Halyk bank» мобильдік қосымшалары арқылы қарамағындағы қызметкерлерден ақша қаражатын заңсыз жинауды жүзеге асырған.

Бұдан басқа, формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды.

Сондай-ақ, мектеп директоры өз қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген.

Аталған арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Exit mobile version