Облыс прокуратурасы тұрақты негізде нысаналы мақсатына сай пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау мақсатында талдау жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша осы жылы Қарақия ауданындағы, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан құны 1,1 млрд теңге, ауданы 696,8 га құрайтын 3 учаскелер игерілмегені үшін мемлекетке қайтарылды.
Одан бөлек, талдау нәтижесімен Ақтау қаласының аумағында мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін заңсыз пайдаланудың 61 дерегі анықталды.
Сондай-ақ облыс бойынша 57 ШҚ-мен 44 850 га құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану фактілері анықталған.
Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы жануарларының саны айылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормасына (20% – ға аз) сәйкес келмей, жер учаскелері пайдаланылмаған.
Осыған орай, кінәлілерді әкімшілік жауаптылыққа тарту және жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында облыс прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Фото: kz.oqu.news
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024