17-09-24 |
5550 рет қаралған
Маңғыстауда спорт саласында ақша жымқырғандар әшкере болды.
Маңғыстауда спорт саласында ақша жымқырғандар әшкере болды

Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуының заңдылығын тексеру барысында спорт мекемесінде жымқыру фактісін анықтағандарын мәлімдеді.

Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдар аралығында 117 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталды.

Аталған факт облыс прокуратурасы мен тергеліп, нәтижесімен қылмыстық іс ҚК-тің 371-бабының 2-бөлігі (салғырттық) және 189-бабы 4-бөлігімен (жымқыру) сотқа жолданды.

Сот үкімімен мекеме басшысы өз мiндеттерiн тиісінше орындамау фактісі бойынша кінәлі деп танылып «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес қылмыстық жазадан босатылған, бас есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл бас ботандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.