17-05-24 |
11290 рет қаралған
Мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды.
Мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Биыл соттың басқару құқығынан айыру туралы шешіміне қарамастан, мас күйінде қайтадан рөлге отырған 45 жүргізуші сотталды. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

ҚР заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 20 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі әкімшілік жаза көзделген.

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беруі өмір бойына жүргізуші куәлігінен айыра отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

«Оқиғаларды талдау жүргізушілердің заңды бұзуы қасақана жасалғанын көрсетеді. Жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға, ескертулерге қарамастан, жүргізушілердің заңсыз әрекеттері тоқтамауда. Осы жылы соттың басқару құқығынан айыру туралы шешіміне қарамастан, мас күйінде қайтадан рөлге отырған 45 жүргізуші сотталды», – делінген хабарламада.

Мәселен, бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші қала көшелерінің бірінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Сот оны жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Мас жүргізуші өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да қауіпті екенін ескертеміз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.