Біз
әлеуметтік
желіде
11-06-25 |
620 рет қаралған
Мәжіліс депутаттары Конституцияның 30 жылдығына арналған амнистия туралы заң жобасын мақұлдады.
Мәжіліс депутаттары Конституцияның 30 жылдығына арналған амнистия туралы заң жобасын мақұлдады

Аталған амнистия жарияланғаннан кейін 2100-ден астам қылмыстық іс тоқтатылмақ.

Журналистер мәжіліс депутаты Абзал Құспаннан амнистия Карим Мәсімов пен Қуандық Бишімбаев сияқты сотталғандарға қатысты қолданылуы мүмкін бе деген сұрақ қойды. Депутат бұл заң жеке тұлғаларға емес, қылмыс санаттарына байланысты қолданылатынын түсіндірді.

«Біз нақты есімдерді атай алмаймыз. Мен тек амнистия қолданылмайтын санаттарды атай аламын. Олар — терроризм, азаптау, экстремизм, қылмысты қайталап жасау, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу және аса қауіпті қылмыстар», – деді Құспан.

Сондай-ақ, ол босатылатындар саны айтарлықтай көп болмайтынын айтты. Себебі қазіргі уақытта сотталғандардың 92%-ы ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған, оның ішінде 16%-ы – рецидивистер.

Бүгінгі таңда қылмыстық-атқару жүйесінде 40 мыңнан астам адам бар:

  • 33 мың сотталған,
  • шамамен 7 мың адам – тергеуде.
    Сондай-ақ, 27 мыңнан астам адам пробация қызметінің есебінде тұр.
БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.