29-12-21 |
1580 рет қаралған
Мемлекет қаржысын талан-тараж қылған экс-шенді абақтыға қамалды.
Мемлекет қаржысын талан-тараж қылған экс-шенді абақтыға қамалды

Қазақстанның шығысында Риддер қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы Қуат Мұхамедчинов 4 жылға сотталды. Ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экс-шенеунікке электр желісі құрылысы кезінде мемлекетке 146 миллион теңгеге жуық шығын келтірді деген айып тағылған еді. Бұл электр желісі Риддерден Батыс Алтай қорығына дейін тартылу керек болған. Сол кездегі шенеунік мердігер кәсіпорынның істемеген жұмыс актісіне қол қойып, қабылдап қойған. Салдарынан қыруар қаржы мердігерге өтіп кеткен. Актіде көрсетілген құрылыс материалдары шын мәнінде жоқ болып шыққан.

Риддерде өткен алғашқы сотта айыпталушылар – экс-шенеунік, «Еңбек-Өскемен» мемлекеттік кәсіпорны сауықтыру басқарушысы және жекеменшік компания директоры ақталған еді. Дегенмен облыстық сот шешімі қарама қайшы болып шықты.

«Олар енді қауіпсіздігі орташа түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатыр. Электр желісі салынбады, ал қаржы талан-таражға түсіп кеткен. Алғашқы сотта дәлелдер тиісті деңгейде ескерілмеді. Дегенмен облыстық сот оның барлығын түзеп, барлық дәлел-дәйекті айқындады», – деді облыстық соттың судьясы Әділ Бакин.  

Судья сотталушылар жоғарғы сотқа шағымдана алатынын атап өтті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.