09-04-21 |
1770 рет қаралған
«Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметкерлер құрметтеу керек».
«Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметкерлер құрметтеу керек»

Өнер қайраткері қазақ тілін білмейтін шенеуніктерге шүйлікті. Облыс әкімінен мемлекеттік қызметкерлердің  екі тілде ақпарат беруін талап етті. 

Серік Құсанбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың өкімімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған Ермек Омарбековтың журналистерге қазақ тілінде мәлімет бермегенін жазды.
«Тележурналистің орыс тілінде қойған сауалдарына орысша жауап беріп тұрған басқарма басшысына қазақ журналистерінің бірі:
– Ермек Сембайұлы! Осы айтқандарыңызды қазақ тілінде қысқаша айтып бермейсіз бе? – деп өтініш жасап еді, әлгі «қазақ азаматымыз» бойын ток соғып өткендей селк ете қалды.
Сөйтті де: – Жо – жо – жоқ, айтып бере алмаймын! – деп ат тонын ала қашты да, бұрылып ап жөніне кетті.
Қазақ тілді журналист қаншама әріптестерінің алдында жер болып қала берді»,- деп жазды Серік Құсанбаев.
Жазбада білдей бір мемлекеттік қызметкердің мемлкеттік тілге құрмет көрсете алмағаны жазылған.
«Бұл сонда қалай болғаны? Партиялық тізіммен еш қиындықсыз ойнап-күліп жүріп Парламент төрінен орын алған депутаттарымыз мыңқылдап ант бере алмаса, жергілікті денсаулық саласының басшысы «Мемлекеттік тілде сұхбат бермеймін!» деп кергитін болса, біз осы «Тіл! Тіл!» деп несіне 30 жылдан бері ақ тер, көк тер боп жүрміз? Бұл дегеніңіз – барып тұрған бейбастақтық, қазақ дейтін мемлекетқұраушы тұтас бір ұлттың тілін, абыройы мен намысын көзімізді бақырайтып қойып қорлау, табанға салып тұрып таптау емес пе?
Мен үшін, мұндай қағынан жеріген қаны жоқ қандастардан гөрі, тілін бұрап сөйлесе де, мемлекеттік тілде бірер ауыз сөз сөйлей алатын өзге ұлт өкілдері әлдеқайда бағалы.
Сонда деймін-ау, «Қазақ пен қазақ бір-бірімен қазақша сөйлессін!» деген Елбасы Н.Назарбаевтың, «Қазақ тілінің мәртебесі Мемлекеттік деңгейге көтерілсін!» деген Президент Қ.Тоқаевтың мәлімдемелері қайда қалды?
Облыс көлеміндегі кадр мәселесін өз білгенінше сапырыстырып отырған Д.Ахметов мырза қайда қарап отыр?»,- деп жазды ол.
Жазба иесі қор болған қазақ тілінің тағдырына налыған.
«Парламент төрінде отырған ұлтшыл азаматтарға құлаққағыс! «Егер Қазақстан Республикасында Мемлекеттік қызметке тағайындалатын кез келген ұлттың өкілі мемлекеттік тілді жетік меңгермеген болса, ол адам қызметке қабыдануға ешқандай құқы болмауы керек!» деген сұрақты Парламенттің күн тәртібіне қойып, Үкіметтен заңды түрде талап ететін уақыт жетті»,- деп жазды Серік Құсанбаев.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.