Біз
әлеуметтік
желіде
03-07-25 |
130 рет қаралған
Миллиардқа жуық қаржы жымқырған: «Қазселденқорғау» экс-басшысы 12 жылға сотталды.
Миллиардқа жуық қаржы жымқырған: «Қазселденқорғау» экс-басшысы 12 жылға сотталды

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құрылыс жұмыстарына байланысты ірі көлемдегі қаражат ұрлау ісі бойынша үкім шығарды.

Сот алқасының шешімімен РМК «Қазселденқорғау» экс-басшысы Карим Көкірекбаев және оның сыбайластары ірі көлемде пара алу және беру бойынша кінәлі деп танылды.

Көкірекбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның бұрынғы орынбасары Әділет Ахатаев пен кәсіпкер Андрей Поплавский – әрқайсысы 11 жылдан жаза алды.

Соттың мәліметінше, Көкірекбаев пен Ахатаев «Bazis Construction» ЖШС директорының ірі көлемдегі парасын алған. Бұл пара құрылыс жұмыстары бойынша жасалған, бірақ іс жүзінде орындалмаған актілерге кедергісіз қол қою үшін берілген.

Ал Поплавский сол жалған құжаттарды ұйымдастыруға өзі ұйытқы болған. Соның салдарынан мемлекеттік мекемеге шамамен 2 миллиард теңге көлемінде шығын келген.

Көкірекбаев пен Ахатаев – ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігі бойынша («Ірі көлемде пара алу»), ал Поплавский – 195-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы және 367-баптың 4-бөлігі бойынша («Мүліктік зиян келтіру және ірі көлемде пара беру») айыпты деп танылды.

Соттың үкімімен барлығы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Айта кетейік, үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Анықтама: Көкірекбаев бұрын Жамбыл облысының әкімі, Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі, табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі қызметтерін атқарған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.