Бүгін Алматы және Астана қалаларында рұқсат етілмеген митинг болды. ІІМ таратқан ақпаратқа қарағанда заң бұзды делініп 57 адам ұсталған. Оларды әкімшілік жазаға тарту мәселесі қаралып жатқан көрінеді. «Ішкі істер министрлігі мен прокуратураның ескертуіне қарамастан экстремистік деп танылған ұйымның арандатуына ерген азаматтардың кейбірі полицияға қарсы заңсыз әрекетке барып, қоғамдық тәртіпті бұзған» делінеді 21 қыркүйекте ІІМ таратқан ақпаратта.