ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері мұнай өнімдерінің ірі контрабандасының арнасын жойғандарын мәлімдеді.
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде шекарадан шығаруға арналған 10-нан астам вагон-цистерна табылды. Іргелес мемлекеттің аумағына жөнелтілмек болған вагондарда құны 120 млн теңгеден асатын 750 тоннадан астам мұнай өнімі болған.
Олар тоқтатылып, тергеу жүргізу үшін тәркіленді.
– Мұнай өнімдерін тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.