04-02-21 |
1450 рет қаралған
Назарбаев ұлтқа төнген нағыз қауіп туралы айтты.
Назарбаев ұлтқа төнген нағыз қауіп туралы айтты

Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық қауіпсіздікті, киберқауіпсіздікті, ақпараттық қауіпсіздік пен адами капиталдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұл туралы Елбасы сайтына сілтеме жасап Arasha.kz хабарлайды.

«Нағыз қауіп – минералды-шикізат ресурстары бағасының құлдырауы емес, ұлттың интеллектуалдық әлеуетінің төмендеу қаупі. Бұл, бірінші кезекте, білім беруге қатысты. Біз осы сала бойынша дамыған елдерден әлі артта келеміз. Білім мен ілім таяу онжылдықта біздің ұлттық идеямыз болуы керек», – деді Елбасы.

Сонымен қатар Елбасы ұлттық қауіпсіздіктің дәстүрлі түрлері – сыртқы және әскери қауіпсіздікке тоқталды. Мұндағы негізгі сын-қатерлер сыртқы күштердің өзара текетіресіне, Орталық Азия мен оның төңірегінде тұрақсыз аймақтардың құрылу мүмкіндігіне, террористік, радикалды, қылмыстық және басқа да іріткі салушы күштердің өңірде шоғырлануына байланысты.

Елбасы жаңа технологиялар енгізуді және қару-жарақ пен әскери техника өндірісіндегі технологиялық прогресті есепке ала отырып, қарулы күштерді жетілдіру қажеттігіне де тоқталды.

«Қарулы күштерді 2030 жылға дейін қайта жарақтандыру және қорғаныс өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасы армияны жабдықтаудың ұзақ мерзімге арналған тәсілдерін айқындайды және жаңа технологиялық сын-қатерлерге сай келеді. Отандық қорғаныс өнеркәсібі – қорғаныс қабілетінің маңызды бөлігі, ол Қарулы күштердің сұранысына бағытталған», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Отырыс қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қарулы күштердің, басқа әскерлер мен күштік құрылымдардың әскери дайындық деңгейін көтеруге, аумақтық қорғаныс күштерін нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.