Бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің үлкен ұлы Нұржан Нұрлановқа рейдерлік жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды, -деп хабарлайды ҚазТАГ.
«Сұраныста көрсетілген факт бойынша Алматы қаласының полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР ҚК 389-бабы (өз бетінше билік ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлаған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі сейсенбі күні КазТАГ редакциясының сұрауына берген жауапта.
Бұған дейін кәсіпкер Қанат Әміркин Нұрлан Нығматулиннің үлкен ұлы Нұржан Нұрланов оның «Алатаудорстрой» компаниясын тартып алып, одан қомақты қаражат талап еткенін хабарлаған еді.