05-06-19 |
10900 рет қаралған
Қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы соққыға жығылды.
Қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы соққыға жығылды

Қоғамдық белсенді Сәуле Әбілдаханқызы соққыға жығылды. Бұл туралы белгілі заңгер Абзал Құспан өзінің фейсбук парақшасына жариялады.

«Қазір ғана Сәулемен хабарластым, телефоны жоқ, сіңлісінің нгмерінен соқты, ІІД-і деп, орта жолдан Наурызбай ІІБ-не алып кеткен. 2 сағаттай ұстап, басқа есіктен шығарған, ол жерде алдын-ала дайындалып тұрған оншақты әйел Сәулені балағаттап, тиісіп, соққыға жыққан, атап айтқанда ішінен ұрып, шашынан сүйреген, бірақ бетінен ұрмаған! Ең сорақысы, осының бәрін Наурызбай ІІБ-нан шыққан екі жігіт және Сәуле ні үйінен алып шыққанда бетіне маска киіп тұрған жас жігіт ұялы телефондарына түсіріп тұрған. Қазір Сәуле үйінде, телефоны жоқ, сағат 18.00 Түрксіб аудандық ІІБ-не шақыртып жатыр, дереу үйіне барғандарың, ІІБ-не жалғыз жібермегендерің жөн!» деп жазады заңгер.

Сәуле Әбілдаханқызы белгілі тележурналист, қоғамдық белсенді. Ол көпбалалы аналардың мәселесін көтерумен айналысып келеді және Сайрагүл Сауытбайдың сот ісі кезінде де азаматтық белсенділік көрсеткен. Өткенде Әкежан Қажыгелдин, Бергей Рысқалиев бастаған Қазақстанның шетелдегі оппозициясы ұйымдастырған «Париж» конференциясына қатысып келгені белгілі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.