Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының соты облыстық экология департаментінің басшысы Д. Әлиевке, жергілікті тұрғын М. Журкабаевқа және кәсіпкер К. Длюжевскийге қатысты үкім шығарды.
Әлиев пара алғаны үшін, Журкабаев делдалдығы, ал Длужевский коммерциялық ұйымға алтын өндіруге экологиялық рұқсат алу үшін 4,5 млн теңге көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен шенеунік 4 жылға, қала тұрғыны – 1 жыл 6 айға, кәсіпкер – 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Алдын алу шаралары шеңберінде үкімді жариялау Экология комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің қатысуымен онлайн режимде өтті.
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025