Алматыда Спорт басқармасы мен Олимпиадалық резервті даярлау орталығының бұрынғы қызметкерлері бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде иемдену және ысырап етті деген күдікке ілінді. Антикор тергеу жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.
«Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны есептеу және төлеу арқылы 56 млн теңгеден астам ақша жымқыру бойынша күдікке ілінді», – делінген хабарламада.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.