Қуандық Бишімбаев бүгінгі сотта қайғылы оқиға орын алған күні не болғанын айтып берді.
Оның айтуынша, сол күні Салтанат екеуі Дима Биланның ОКЗ өтетін концертіне көйлек сатып алуға барған. Сосын концертке барған. Сол жерде олар жанжалдасып қалған.
«Бәрі тыныш болды. Біз Орталық концерт залына бардық – жанжалға ешқандай алғышарттар болмады. Бір танысым мені фойеде көріп, бетімнен сүйді, біз амандастық. Салта қобалжып, оның кім екенін сұрады… Мен: бұл менің әріптесім дедім. Біз залға кірдік. Жолда ол шампанға тапсырыс берші деді. Мейрамханадан үш үлкен стақан шампанға тапсырыс беріп, көшеде қалдым…», – дейді Бишімбаев.
Осыдан кейін екеуі ұрсысып қалып Bau мейрамханасына қарай барған.
«Біз сол жерде отырдық және іштік, мен оның әңгімелерін тыңдап отырдым», -деп Бишімбаев мейрамханадағы ұзақ әңгіме туралы айтты.
Экс-министр Бишімбаевтың айтуынша, ол «Бау» мейрамханасында үш сағат бойы Салтанат Нүкенованың шағымын тыңдаған.
«Мен оған айттым: сен мені кінәлайсың, бірақ менің ойымша, бәрін өзің бастайсың. Біз ұрыспадық – мен оны тыңдадым. Жауапкершілікті өзіне алсын, қателеседі. Бұл диалог үш сағатқа созылды… Осыны анықтап жатқанда тағы бір бөтелке шампанға тапсырыс бердік. Ол ішіп болған соң көңілденіп, оқиға бітеді деп күткен едім», – деп жалғастырды сотталушы.
Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова сотталушыны істі мәніне қайтаруға тырысты. Бірақ Бишімбаев оның сөзін бөлмеуді табанды түрде өтінді.
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024