27-01-25 |
810 рет қаралған
Оралда адамдарды тонап, бопсалаған қыздар ұсталды.
Оралда адамдарды тонап, бопсалаған қыздар ұсталды

Орал қаласының екі тұрғыны бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды.

Тергеу деректеріне сәйкес өткен жылдың қазан айында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген.

Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденіп, сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген.

Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.