Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бюджет қаражаты талан-таражға салған. Бұл туралы прокуратура мәлімдеді.
Прокуратура қызметкерлері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бөлінген бюджеттен 50 миллион теңгеден астам шығынды анықтаған.
Бұл факт мүмкіндігі шектеулі адамдарды автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді тексеру барысында анықталған.
«Мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін өнім беруші көрсетілген қызметтердің жалған актілерін сағат санын және көрсетілетін қызметті алушыларды асыра бағалау жолымен ұсынды, осылайша бюджет қаражатының негізсіз төленуіне әкеп соқтырды», – делінген хабарламада.
Материал прокуратура ақпаратын есепке алу кітабында тіркелген және ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) шешім қабылдау үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024