arasha.kz

Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы сотталды

Жильцы аварийного дома в Щучинске выиграли суд против акимата

Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Н. Дербисов пен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М. Жақсыбаев 5 жылға, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б. Ізбасаров 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Антикордың мәліметінше, олар бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 39,7 млн теңге сомасында пара алған.

Сондай-ақ, Б. Ізбасаров 1,7 млн теңге сомасында өзіне қосымша ақшаны заңсыз есептеп билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

Сондай-ақ аталған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Exit mobile version