arasha.kz

Өскеменде «Бипэк Авто» қызметкерлеріне алаяқтық ісі бойынша үкім шықты

Өскеменде «Бипэк Авто» компаниясының сегіз қызметкеріне алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты.

«Қалалық №2 сот бүгін алаяқтық, қаржы жымқыру және табысты жасыру айыптары тағылған «Бипэк Авто» сегіз қызметкеріне қатысты үкім шығарды», – делінген хабарламада.

Сот үкімін сотталушылар Елена Кузьмина, Игорь Потапов, Ержан Мандиев, Дмитрий Борзых, Константин Лобанов, Андрей Рябец, Александр Толстиков және Галина Мокинаға жариялады.

Алайда компанияның топ-менеджерлеріне тағылған алаяқтық айыбы дәлелденбегендіктен, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша кінәсіз деп танылды. Мұндай шешім қабылдаудың басты себебі – олардың жеке материалдық пайда көргені дәлелденбеуі болды.

«Басқа айыптар бойынша Мандиев, Толстиков және Рябецке – екі жыл сегіз ай, ал Лобанов пен Борзыхқа – екі жыл алты ай жаза кесілді. Алайда олардың қамауда және үйқамақта болған уақыты жазаның толық мерзімін өтеген болып есептелді», – делінген хабарламада.

Елена Кузьмина толық ақталып, реабилитация құқығына ие болды.

«Судья сондай-ақ сотталушылардың мүлкін тәркілеу туралы шешімді жойды.

Бірінші инстанция сотының үкімі жарияланды, бірақ әлі заңды күшіне енген жоқ», – деп атап өтілген хабарламада.

Exit mobile version