
Бүгін Қостанайда 93 жастағы соғыс ардагері Иван Сурков қатаң режимдегі түрмеден бостандыққа шықты, деп жазады жергілікті alau.kz.
Иван Сурков былтыры тамыз айында 80 жастағы қайын інісін өлтіріп, сот ардагерге 7 жыл қатаң түрме жазасын кесіп және мәжбүрлі түрде психикалық емделуге міндеттеген. Сөйтіп, түрмеде бір айға жуық отырған Сурковты түрме қызметкерлері екінші дүниежүзілік соғыстың аяқтау күніне орай құттықтап, іс-шара өткізген. Бұл хабар лезде тарап, респбуликаның түкпір-түкпірінен «ардагерге көмектесейік» деп акция бастаған адамдар ақыры Нұрсұлтан Ерғалиев дейтін адвокатты тауып, ардагерді қорғау алады. Көпшіліктің араласуымен 8-мамыр күні жоғарғы соттың шешімімен Иван Сурковты босатты. Жоғарғы сот оның қатаң режимдегі жазасын бес жыл шартты жазаға ауыстырып, жәбірленуші тарапқа 1 миллион теңге өтемақы төлеуге шешім шығарған.
Түрмеден шыққан ардагердерді еріктілер мен туыстары күтіп алған.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025