27-03-19 |
1960 рет қаралған
Отбасылық соттың берері көп.
Отбасылық соттың берері көп

Әртүрлі деңгейде ұзақ талқылаулардан кейін «Отбасылық сот» жобасы іске қосылды.  Сөйтіп, елдегі 51 сотта жоба іске қосылып, жобаға 107 судья тартылды. Жоба аймақтарда ашылып, алғашқы нәтижеде шықты. Мәселен, «Отбасылық соттарға» ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында 12 777 арыз түскен. Былтырғы жылмен салыстырғанда судьялардың ажырасудан сақтар қалған отбасылар саны 418 көп. Бұл – жобаның сәтті жүзеге асып жатқанының көрінісі.

Ажырасу үлкен проблемаға айналғаны жасырын емес. Статистикаға жүгінсек, елімізде 400 мыңға жуық жалғызбасты әйел, 60 мыңға тарта жалғызбасты әке бар екен. Осы көрсеткіштің өзі-ақ ажырасуды азайтуда жаңа жолдың қажеттігін көрсетеді. «Отбасылық сот» дәл сондай қажеттіліктен туындады. Жобада ажырасуға бел буған ерлі-зайыптылармен тек сот қызметкерлері ғана емес, психологтар да жұмыс істейді. Мұндағы басты мақсат – ерлі-зайыптылардың ажырасу жөніндегі талап арыздарын қарау емес, керісінше, отбасын сақтап қалу және оны сауықтыру, шаңырақта қалыптасқан мәселелерді шешуге, өзара татулыққа жеткізу. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы бойынша «Отбасылық сот» жобасының аясында ажырасам деушілердің 35 пайызы татуласқан. Бір ғана қалалық ауданы үшін бұл жақсы нәтиже екенін айтуға болады. Жоба аясында шаңырағы шайқалудың аз-ақ алдында тұрған отбасылардың ажырасудан сақтап қалған істер көп. Айталық, «Отбасылық соттар» Шығыс Қазақстан облысында 270 отбасын ажырасудан құтқарып қалса, Павлодар облысындағы «Отбасылық соттар» жыл басынан бері 93 отбасын сақтап, татуластырса, Алматы облысының «Отбасылық соттары» 370 шаңырақтың шайқалуын болдырмаған. Бұл істердің бәрінде де психологтар жұмысының да үлесі көп екенін баса айтқанымыз абзал. Себебі, отбасылық сот  – судья мен психологтың бірлескен жұмысынан тұрады. Бүгінде «Отбасылық сот» жобасы Алматы, Астана қалалары мен Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Атырау және басқа облыстарда сәтті жұмыс істеп жатыр.

Жоба – қоғамдағы ажырасуды азайту, дау-дамайлардың мөлшерін қысқартып, отбасы институтының сақтап, одан әрі дамытуға бағытталған. Осы мақсатта жоба аясында қаралатын істердің басым көпшілігі татуластырумен аяқталып, «Отбасылық сот» жобасы өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. «Отбасылық сот» жобасының бір ерекшелігі, арыз түсірген отбасылардың ісін қарау әдеттегі сот залдарында емес, арнайы жабдықталған кабинеттер де өтеді.  «Отбасылық сот» кабинеттері жаңа әрі жайлы жиһаздармен, қажетті дүниелермен әсем безендіріліп, жақсы аура қалыптастырылған. Мұның өзі отбасын сақтап қалу қиындық туғызған ерлі-зайыптылардың психологиясына жақсы әсер беріп, ойлануға мүмкіндік туғызары хаһ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.