фото «Оян, Қазақстан» қозғалысының телеграм каналынан алынды
«Оян, Қазақстан» қозғалысының мүшесі Айзат Әбілсейітованы (суретте) полиция ұстағаны хабарланды. Қозғалыстың телеграм каналында оны полиция ұстап, Медеу ауданы полиция басқармасына алып кеткені айтылады.
16 желтоқсанда «Оян, Қазақстан» қозғалысы Алматыдағы Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі түбінде саяси ұрандар жазылған плакаттар көтеріп, митинг өткізді. Митинг кезінде өзін қала әкімшілігінің өкілі деп таныстырған адам жиылыстың заңсыз екенін айтқан еді.