arasha.kz

Павлодарда 2,4 млрд теңгегенің жері мемлекетке қайтарылды

Павлодар ауданының прокуратурасы жер қатынастары бөлімін тексеру барысында жеке тұлғаға халықтың мұқтаждығына арналған жер учаскесін заңсыз беру фактісін анықтады.

Қадағалау актісі бойынша жер сот тәртібімен қайтарылды.

«Мал жаюға арналған учаске ауданы 1,8 мың га Шақат ауылдық округінде орналасқан, оның кадастрлық құны шамамен 2,4 млрд теңгені құрайды», – делінген хабарламада.

Қабылданған шаралармен 1 500 ауыл тұрғынының жер құқығы қалпына келтірілді.

Exit mobile version