22-05-24 |
5950 рет қаралған
Павлодарда әдеп жөніндегі уәкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Павлодарда әдеп жөніндегі уәкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысы әкімдігінде азаматтардың жолданымдарын қарау кезінде заң талаптарының бұзылу деректерін анықталды. Бұл туралы тексеріс жүргізген прокуратура хабарлады.

«Тексеру қорытындысы бойынша аталған ведомствоның әдеп жөніндегі уәкілі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 498-бабының 1-тармағымен  өтініштерді қарау кезінде мемлекеттік құқықтық статистиканы бұрмалағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

Комитеттің облыстық департаментінде атап өткендей, ағымдағы жылғы 1-тоқсанында тексерулер мен талдаулардың қорытындысы бойынша осыған ұқсас бұзушылықтар үшін 38 лауазымды тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 15-і түрлі деңгейдегі басшылар болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың шілде айынан бастап азаматтардың жолданымдарын қараудың ашықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ оларды есепке алудың дұрыстығын қамтамасыз ететін «e-Otinish» ақпараттық жүйесі енгізілді.

Кез келген бұрмалаушылықтарға, оның ішінде мемлекеттік органдардың ойдан шығарылған игілігін жасау мақсатында жол берілмейді, ол үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.