Павлодар ауданында әлеуметтік нысан салу үшін Ұлттық қордан бөлінген қаражат ұрланған.
Павлодар аудандық прокуратурасы тексеру барысында Павлодар ауданындағы нақты сектор экономика бөлімінің басшысының лауазымын асыра пайдалану фактісін анықтағандарын мәлімдеді.
Мәлімет бойынша, «Ауыл Ел-Бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен Кеменгер ауылында спорт-сауықтыру кешені салынған, оның құны 382 млн теңге.
«Бюджеттік қаражаттың заңсыз жұмсалуын тексеру барысында мердігерге орындалмаған жұмыстардың көлемі үшін 158 млн теңге төленгені анықталды. Аудан прокуратурасы лауазымды тұлғаның қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша материалдарды Қылмыстық кодекстің 361-бабы бойынша ЕРДР-ға тіркеді, алдын ала тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент жүргізді», — делінген хабарламада.
Павлодар облысының аралық сотының үкімімен бұрынғы нақты сектор экономика бөлімінің басшысы 3 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.