Павлодар қаласының прокуратурасы жеке ветеринариялық-санитариялық зертханаларды тексеру кезінде Заңның өрескел бұзушылықтарын анықтағанын мәлімдеді.
Прокурорлық тексеру барысында жарамсыз аспаптарды пайдалана отырып, ет және сүт өнімдерін 8 мыңнан астам заңсыз зерттеу белгіленді, сондай-ақ ветеринариялық заңнаманың қарапайым талаптары бұзылды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 406 (ветеринариялық ережелерді, талаптарды және ветеринариялық нормативтерді сақтамағаны) және 419 (тексеруден өтпеген өлшеу құралдарын қолданғаны) баптары бойынша прокуратурасымен заңды тұлғаларға шамамен 1 млн. теңге сомасында айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта прокуратура актісі бойынша жеке зертхана лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселе шешілуде.